Танымал түлектер » Страница 3 » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
Толқынбаев Тұрсынхан
19
январь
2022
Толқынбаев Тұрсынхан
Толқынбаев Тұрсынхан 1946 жылы 26 наурызда Аманкелді атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Буденовка (Түймекент) ауылындағы Ақжар орта мектебінде оқыған. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.  Журналистік қызметін жоғары оқу орнын бітірген соң аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде бастаған. Тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген.  1986 жылы облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газеті редакциясына
Өмірбек Бүтінбаев
19
январь
2022
Өмірбек Бүтінбаев
1946 жылы 14 желтоқсанында Көкөзек ауылында дүниеге келген. Ақжар орта мектебін 1963 жылы бітіріп шыққан соң, екі жыл туған ауылы – А.Суханбаев атындағы ұжымшарда механизатор болып еңбек еткен.  1965-1968 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.  Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумын 1972 жылы техник-механик мамандығын алып, бітіріп шыққан. Осы жылы туған аулына механик болып орналасқан. 1974 жылы Аманкелді атындағы ұжымшардың бас инженері болып ауысқан.
Нұртаза Шәметов
19
январь
2022
Нұртаза Шәметов
1953 жылы дүниеге келген. Қазіргі Түймекент ауылында өскен, осындағы орта мектепті бітірген.  Қызмет жолын Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп 1975 жылы облысымыздың Мойынқұм ауданына жолдамамен барып, осындағы Бірлік кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болудан бастаған.  Жас маман бұдан кейін Жамбыл облыстық ауыл шаруашылық басқармасында бөлім бастығы, Жамбыл облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары сынды қызмет баспалдақтарынан өтті. 
Есенаманов Шахман
19
январь
2022
Есенаманов Шахман
1935 жылы қазіргі Түймекент  ауылында дүниеге келген. Ауылдағы мектепті бітірген. Қызмет жолын 1956 жылы аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшысы болып сайланған.  1965 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, республикалық астық өнімдері және құрама жем министрлігінде инженер болып қызмет атқарған. 1966 жылы Алматы облысы астық өнімдері және құрама жем өндірісі директорының орынбасары болып тағайындалған. Келер жылы Алматы облыстық партия комитетіне нұсқаушы болып бекітілген. 
Әйтімбетов Әзімбек Шекеұлы
19
январь
2022
Әйтімбетов Әзімбек Шекеұлы
1938 жылы 11 мамырда қазіргі Жақаш ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Буденновка (Ақжар) орта мектебін бітірген соң, туған ауылында – А.Сухамбаев атындағы ұжымшарда жүргізуші, қатардағы есепші болып еңбек жолын бастаған. Ұжымшар бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болып сайланған. 1966 жылы бас есепші болып тағайындалып, 1973 жылға дейін атқарған.  1971 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын сырттай оқып, бітірген. 1973-1978 жылдары Свердлов (Байзақ) аупарткомының нұсқаушысы, осы аудандағы сол
БИНАЗАРОВА МАЙРА БҮРКІТБАЙҚЫЗЫ
19
январь
2022
БИНАЗАРОВА МАЙРА БҮРКІТБАЙҚЫЗЫ
Биназарова Майра Бүркітбайқызы 1971 жылы 7-мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген.  1978 жылы Түймекент (Ақжар) орта мектебіне барып, 1988 жылы бітіріп шықты. 1988 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына оқуға түсті. 1993 жылы инженер-технолог _ мамандығы бойынша диплом алды.  Алғашқы еңбек жолын 1994 жылдың шілде айынан бастап аудан әкімшілігі қабылдау бөлімінің қызметкері болудан бастады.  1995 жылдың қараша айынан бастап аудан
БИНАЗАРОВ НҰРЛАН ӘБДІМАНАПҰЛЫ (1948 - 2020)
19
январь
2022
БИНАЗАРОВ НҰРЛАН ӘБДІМАНАПҰЛЫ (1948 - 2020)
Биназаров Нұрлан Әбдіманапұлы 1948 жылы 8-наурызда қазіргі Байзақ ауданы Түймекент ауылында туылған. 1955-1966 жылдары Түймекент (Ақжар) орта мектебінде оқып, білім алған. Мектепті бітіргеннен кейін бір жылдың көлемінде «Трудовой пахарь» ұжымшарында жүргізуші болып жұмыс істеген. 1968-1970 жылдары аралығында Отан алдындағы әскери борышын Венгрия, Чехословакия, Польша мемлекеттерінде өтеген. 1971 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына оқуға түседі. Кейін Байзақ аудандық ішкі істер
Мамырбаев Нұрболат Серікұлы
19
январь
2022
Мамырбаев Нұрболат Серікұлы
Мамырбаев Нұрболат Серікұлы 1971 жылы 16 желтоқсан күні Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген.           1978 жылы Ақжар орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1988 жылы бітірген. Осы жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының 1 курсына түсіп, 1993 жылы жоғары оқу орнын бітірген және мелиоративтік жұмыстар механигі мамандығы бойынша диплом алып шыққан.          1995 жылы Үшбұлақ станциясындағы «Учбулакская база МТС» ашық акционерлік қоғамында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Битабаров Бөкенбай
19
январь
2022
Битабаров Бөкенбай
Битабаров Бөкенбай Ізтілеуұлы 1959 жылы 7 шілдеде Байзақ ауданының Түймекент ауылында қызметкер отбасында туылған. Әкесі Битабаров Ізтілеу Бадайұлы 1917 жылы туылған, ол Кеңес-фин, Кеңес-герман соғыстарына қатысқан.  Битабаров Бөкенбай 1966 жылы «Трудовой пахарь» колхозының орталығындағы Ақжар орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға барып, 1976 жылы осы мектептің оныншы сыныбын бітірді. Еңбек жолын «Трудовой пахарь» колхозында механизатор болып бастаған. 1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында
Мейірхан Сағынбекұлы Жаманбаев
19
январь
2022
Мейірхан Сағынбекұлы Жаманбаев
Мейірхан Сағынбекұлы Жаманбаев1953 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.  Өзінің еңбек жолын 1974 жылы ІІМ органдарында учаскелік инспектор болып бастады.  Бұдан кейін Жамбыл қаласында Зауыт ауданы ІІБ СМҰКБ-ін басқарды. 1981-1985 жылдары  Жамбыл АІІБ бастығының орынбасары, 1985-1989 жылдары - АІІБ бастығы. Криминалдық полиция бөлімдерінде, экономикалық қылмыстармен күресте тәжірибесі бар. 1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойнша МТК басқармасын басқарды. ҚР ІІМ аппаратында
[aviable=main]

Біздің ұжым