БИНАЗАРОВ НҰРЛАН ӘБДІМАНАПҰЛЫ (1948 - 2020)
Биназаров Нұрлан Әбдіманапұлы 1948 жылы 8-наурызда қазіргі Байзақ ауданы Түймекент ауылында туылған. 1955-1966 жылдары Түймекент (Ақжар) орта мектебінде оқып, білім алған. Мектепті бітіргеннен кейін бір жылдың көлемінде «Трудовой пахарь» ұжымшарында жүргізуші болып жұмыс істеген. 1968-1970 жылдары аралығында Отан алдындағы әскери борышын Венгрия, Чехословакия, Польша мемлекеттерінде өтеген.
1971 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына оқуға түседі. Кейін Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру инспекторы қызметіне тағайындалады. 1975 жылы осы салада аға инспектор, 1976 жылы аға лейтенант шеніне ие болады. 1988 жылы №7 арнайы комендатураның бастығы лауазымында, 1989 жылы Жамбыл облыстық атқару комитетінің Ішкі Істер басқармасының аса қауіпті қыл- мысты криминалдық іздестіру бөлімінің аға инспекторы, 1992 жылы Талас аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары, 1995 жылы Жамбыл облысы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ және экономикалық қылмыстарға қарсыкүрес басқармасының бөлім бастығының орынбасары лауазымы қызметтерінде қызмет атқарды. 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін М.Х.Дулати атындаты Тараз мемлекетгік университетінің «Қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу қүқығы» кафедрасында аға оқытушы болып жүмыс істеп келеді.
Ішкі істер саласындагы ерен еңбегі үшін Нұрлан Әбдіманапұлы «ІІМ үздік қызметкері» төсбелгісімен және I, II және III дәрежелі «Ішкі істер органдары қатарында мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінен және Жамбыл облысы Ішкі Істер басқармасынан бірнеше ондаған мадақтамамен марапатталған.
Қазіргі уақытта 3 үл-қызды өсіріп, олардан 3 немерені сүйіп отырған үлгілі отағасы.