Әйтімбетов Әзімбек Шекеұлы » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әйтімбетов Әзімбек Шекеұлы
19
январь
2022

Әйтімбетов Әзімбек Шекеұлы

1938 жылы 11 мамырда қазіргі Жақаш ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Буденновка (Ақжар) орта мектебін бітірген соң, туған ауылында – А.Сухамбаев атындағы ұжымшарда жүргізуші, қатардағы есепші болып еңбек жолын бастаған. Ұжымшар бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болып сайланған. 1966 жылы бас есепші болып тағайындалып, 1973 жылға дейін атқарған. 

1971 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын сырттай оқып, бітірген. 1973-1978 жылдары Свердлов (Байзақ) аупарткомының нұсқаушысы, осы аудандағы сол кездегі Кеңес ұжымарының партия комитетінің хатшысы. 1978-1984 жылы Жамбыл облыстық су шаруашылығы шаруашылық басқармасында бас есепші. 1984-1986 жылы Байзақ аудандық ауыл шаруашылық басқармасында бас есепші. 1986-1997 жылдары облыстық ауыл шаруашылық басқармасында жауапты қызметтер атқарған. 1997 жылдың наурызынан зейнет демалысына шыққан. 

Белсенді қоғамдық жұмысы үшін медальдармен,  Грамоталармен марапатталған. 

2005 жылдан Сарыкемер ауылдық округі еңбек және соғыс ардагерлерінің кеңесінің төрағасы болып істеген. 

2009 жылы 13 тамызда дүниеден өтті.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[aviable=main]

Біздің ұжым