Өмірбек Бүтінбаев » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өмірбек Бүтінбаев
19
январь
2022

Өмірбек Бүтінбаев

1946 жылы 14 желтоқсанында Көкөзек ауылында дүниеге келген. Ақжар орта мектебін 1963 жылы бітіріп шыққан соң, екі жыл туған ауылы – А.Суханбаев атындағы ұжымшарда механизатор болып еңбек еткен. 

1965-1968 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 

Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумын 1972 жылы техник-механик мамандығын алып, бітіріп шыққан. Осы жылы туған аулына механик болып орналасқан. 1974 жылы Аманкелді атындағы ұжымшардың бас инженері болып ауысқан. Алматы ауыл шаруашылық институтын 1984 жылы бітіріп, инженер-механик мамандығын алды.

Өндірістің тәжірибелі ұйымдастырушысы Ө.Бүтінбаев 1985 жылы Свердлов атындағы ұжымшар басқармасы төрағасы қызметіне жіберілді. Ал, 1990 жылы «Казсельхозтехника» аудандық бірлестігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1992 жылы А.Сухамбаев атындағы ұжымшар мүшелері оны өздеріне басқарма төрағасы етіп сайлап алды. 1996 жылы «Трудовой пахарь» ұжымшарын басқаруға жіберілді. 1999 жылы Байзақ ауданы әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып ауыстырылды. Ал, 2001 жылдан ірілендірілген Аманкелді шаруа қожалығын басқарды.

Бірнеше рет ауылдық, аудандық, облыстық кеңеске депутат боып сайланды. 

2005 жылы еліміздің тұңғыщ Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Байзақ ауданындағы қоғамдық штабын басқарды. 

2009 жылдан зейнет демалысын шыққан Ө.Бүтінаев ұзақ жылдарғы жемісті қызметі үшін үкімет наградаларымен, соның ішінде тәуелсіз еліміздің «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[aviable=main]

Біздің ұжым