19
январь
2022
САДУОВ ЕРҒАНИ ҚАЛДЫБАЙҮЛЫ (1974 ж.т.)

Садуов Ерғани Қалдыбайұлы 1974 жылы 22-тамызда Байзақ ауданы Түймекент ауылында туылған. 1981 жылы Түймекент орта мектебіне 1-сыныпқа барып, 1991 жылы бітіріп шығады. Алғашқы ұстазы Болысбаева Запаш. Мектеп бітірердегі ұстазы - Аетова Гульоз.
1991-1997 жылдары Алматы зоотехникалық институтында зооинженер мамандығы бойынша білім алып шыққан. 1997-2003 жылдары «Смагулов и К» ЖШС-де менеджер болып істеген. 2003 жылдан бастап «Алтын-Орда» ЖШС-де администрацияның бас көмекшісі болып жұмыс істеп келеді.
Жанұялық жағдайы: үйленген, жары Бейсенова Алмашпен бірге 3 ұлды тәрбиелеп, өсіріп отырған үлгілі отағасы.