БОЗАЙ ОРАЗАЛЫ ТӨЛЕНДІҰЛЫ (1941 Ж.Т.) » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОЗАЙ ОРАЗАЛЫ ТӨЛЕНДІҰЛЫ (1941 Ж.Т.)
19
январь
2022

БОЗАЙ ОРАЗАЛЫ ТӨЛЕНДІҰЛЫ (1941 Ж.Т.)

Бозай Оразалы Төлендіұлы 1941 жылы 17-наурызда Свердлов (Байзақ) ауданы Фрунзе (Сухамбаев) атындағы кеңшарда дүниеге келген.

1947 жылы сол жердегі бастауыш мектепке барып, кейін Буденовка (Түймекент) орта мектебінде оқып, білім алған. 1959 жылы қазіргі Тараз қаласындағы теміржол училищесіне оқуға түсіп, оны 1961 жылы бітірген. Сол жылы ауданның Ленин атындағы орта мектебіне еңбек пәнінің мұғалімі болып қызметке орналасқан.

О.Т. Бозай 1962 жылы Қызылорданың педагогикалық институтында сырттай оқуға түсіп, 1968 жылы бітіріп шыққан. 1969 жылы Ленин атындағы орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып істеп жүргенде Буденовка орта мектебіне ауыстырылып, осы қызметін одан әрі жалғастырды. 1982 жылы Ново-Ивановка орта мектебінің директорлығына жоғарылатылған. 1984-2002 жылдары 18 жыл бойы аудандағы ең ірі мектеп - Буденовка (Түймекент) орта мектебінде директор болып істеген.

О. Төлендіұлы - халық ағарту саласында 40 жылдан астам қызмет істеп, оқушы жастарға жүйелі білім, саналы тәрбие беру мақсатында аянбай адал қызмет етіп, ерекше еңбек сіңіріп жүрген азаматтардың бірі. Ол - бүгінгі аудан интеллигенциясының белгілі де беделді өкілі. Үзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, аудандық Кеңестің депутаттығына екі мәрте сайланған.

1974 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен, 1976 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озат қызметкері», 1987 жылы 22-мамырда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің  Грамотасымен, 1988 жылы «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі белсенді жұмысы үшін» белгісімен, 1989 жылы «КСРО халық ағарту ісінің озат қызметкері» белгілерімен қүрметтелген.

2011 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2012 жылы Байзақ ауданының Құрметгі азаматы» атағын алды. Қазіргі таңда Түймекент ауылдық округінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы қоғамдық қызметін атқаруда.

Похожие публикации:

08 сентябрь 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[aviable=main]

Біздің ұжым