20
январь
2022
САИЛОВ ТАЛҒАТ СМАҒҰЛҰЛЫ (1988 ж.т.)

Саилов Талғат Смағұлұлы 1988 жылы туылған. 1995 жылы Түймекент орта мектебінің бастауыш сыныбына қабылданған. Бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Бақыт, 5-6 сынып- тардағы жетекшісі Бейсалиева Роза.
2001 жылы 7-сыныптан бастап Жамбыл қазақ-түрік ұлдар лицейіне түскен. 2006 жылы аталған лицейді «Алтын белгімен» бітірді
2006 жылы Қарағанды қаласында Республикалық олимпиадада биология пәнінен I орынды иеленді. 2006 жылы маусым айында Аргентина мемлекетінде өткен дүниежүзілік пән олимпиадасында III орынды иеленді. 2006 жылы қыркүйек айында Сингапурдағы Наньян технологиялық университетінің биотехнология мамандығына түсті. Қазіргі танда Сингапурдағы фармацевтика бөлімінде биотехнолог болып жұмыс атқаруда.