БЕЙБІТОВ ҚАЙРАТ БӨКЕҰЛЫ

Бейбітов 1967 жылы Түймекент Қайрат Бөкеұлы 4-қазанда Байзақ ауданы ауылында туылған. 1974 жылы Туймекент (Ақжар) орта мектебіне бірінші сыныпқа оқуға барып, 1982 жылы сегізінші сыныбын бітіріп шығады. Сонан соң Құлан (Луговой) зооветеринарлық техникумына «зоотехник» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1986 жылы бітіріп шығады. Толық емесорта мектепті (8-сыныпты) бітіргендерді Ауғанстанға әскерге алмайтын болған соң, қайсар мінезді Қайрат 1987 жылы ДОСААФ-та 3 айлық курста оқып, байланысшы (связист) мамандығын иеленді. 1986-1987 жылдары Сібірдің Канск қаласында мерген-радист-автоқарулану (стрелок-радист- автовооружение) курсын бітірді. Қайраттың өз өтініші бойынша 1987 мамырда Ташкент, Термез қалаларында арнайы әскери дайындықтан өтті.
1987 жылы маусымда Ауғанстанға Кабул қаласы арқылы Құндыз провинциясындағы аэродромға келіп түсті. 1987 жылы 17-мамырдан 1987 жылы 5-тамыз аралығында Қайрат Бөкеұлы КСРО әскерлерінің Ауғанстан әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Әскери Әуе Күштері тікұшақ құрамасында механик-бомбалаушы және мерген-байланысшы қызметтерін атқарды. 1988 жылы 30-тамызда Қайрат мінген тікұшақ Белоруссияның Минск қаласына келіп қонды. Сөйтіп, 1988 жылдың 12-жел- тоқсанында Қайрат өзінің әскери борышын Минск қаласында аяқтады.
Жаратылысынан байсалды да, батыр мінезді Бейбітов Қайраттың Отан алдындағы, ауған елі алдындағы қызметі өзінің лайықты бағасын алды. Ол «Отличник Советской Армии», «Старший пограннаряда», «Отличник ПВ-І степени», «Отличник ПВ-ІІ степени», «За боевые заслуги», «Воину интернационалисту», «От благодарного афганского народа» медальдарымен және «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстанда әскери қимылдардың токдатылғанына 20 жыл, 25жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Қайрат Бейбітов елге келген соң 1988-1992 жылдары «Михайловка» АТП-да жүргізуші болып жұмыс істеді. КСРО тараған соң, кәсіпкерлікпен айналыса бастады: «Бақыт» шаруа қожалығының төрағасы, Түймекент жеке кәсіпкерлік сауда кешенінің меңгерушісі. Жанұялық жағдайы: үйленген, әйелі, ...ұлы, ...қызы бар, Түймекент ауылында тұрады.