СМАҒҮЛОВ ҚАНАТ ЕРУБАЙҰЛЫ (1990 ж.т.)

Смағұлов Қанат Ерубайұлы 1990 жылы 17-шілдеде Байзақ ауданы Түймекент ауылында туылған. 1997-2006 жылдары Түймекент орта мектебінде оқыған. Алғашқы ұстазы - Тезекбаева Бибіжар, жоғары сыныптағы жетекшісі - Алтынбекова Орынкүл.
2006-2009 жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. 2009-2010 жылдары әскер қатарына алынып, Көкшетау өңірінде Отан алдындағы борышын өтеген.
Еңбек жолын 2010-2011 жылдары Алматы қаласындағы «Базис А» ЖШС-де бригадир болудан бастады. 2011-2012 жылдары «ӘулиеатаТрансПасс» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап IIД жол полициясының инспекторы болып қызмет атқарады. 2014 жылдан бастап ҚР ПМ Академиясында оқып білім алады.
Жанұялық жағдайы: үйленген. Жүбайы - Әйгерім бала- бақшада тәрбиеші. Қазіргі таңда 3 баласы бар.
Қазіргі таңда Түймекент ауылының әкімі.