ӘІПБАЕВ ШАЙЗАТ ӘБІЛДАШҰЛЫ

Әліпбаев Шайзат Әбілдашұлы 1971 жылы 3-маусымда Байзақ ауданы Түймекент ауылында туылған. 1978 жылы Түймекент орта мектебіне 1-сыныпқа барып, 1988 жылы бітіріп шығады. Бастауыш сынып жетекшісі - Болысбаева Запаш, мектеп бітірердегі ұстазы - Үкібаева Шайзакүл.
1989-1993 жылдары Қордай ауданындағы К.Әзірбаев атындағы ауыл шаруашылық техникумында инженер-техник мамандығы бойынша білім алған. 1989-1991 жылдары әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеген.
Еңбек жолын 1994-1996 жылдары Түймекент ауылдық МТМ-да инженер-механик болудан бастады. 1996-2002 жылдары «Әліпбай ата» шаруа қожалығының төрағасы болып жұмыс істеді. 2002-2006 жылдары Орталық Азия университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алды. 2002 жылы Жамбыл облыстық ІІД-нің патрульдік полиция қызметінде инспектор, 2006-2007 жылдары облыстық жол полициясында, 2007-2011 жылдары Жамбыл облыстық жол полициясы басқармасында №4 взвод командирі, 2012-2013 жылдары ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы рота командирі қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап ІІД жол полициясы әкімшілік полициясының инспекторы болып жұмыс істеп келеді.