«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында мектепішілік акция
«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында Жас жол инспекторларының ұйымдастыруымен бесінші сынып оқушыларына мектепішілік акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты: Жолда жүру ережесін қатаң сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу үшін не үшін қажет, бағдаршамның жол белгілерін атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Іс-шара әдеттегідей мектеп ауласындағы жолда жүру ережесінен басталды. Мектеп тәлімгері мектеп ауласында, бала-бақша маңында, ауылдың басты көшелерінде көлік жүргізген жүргізушілерге көлік жылдамдығын 30-дан асырмауы айтып өтілді. Сонымен қатар, оқушыларға, жол жүргіншілеріне жолда жүру ережесімен таныстырылды.



