Есеп беру жиналысы
Түймекент орта мектебінің кәсіподақ ұйымының жетекшісі А.Иманбеков пен директордың міндетін атқарушы И.Спаналиева мектеп ұжымы алдында атқарылған жұмыстары мен жұмсалған қаржылары туралы есеп беру жиналысын өткізді. Нәтижесінде кәсіподақ ұйымының жұмысына қанағаттанарлық баға беріліп, қаржының мақсатты жұмсалынғаны туралы оң пікір қалыптасты.