"Ең үздік кітап оқитын сынып"
Түймекент орта мектебінің кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ең үздік кітап оқитын сынып" байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар А.Құнанбайұлының өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айтып, оқыған кітаптары бойынша тесттік тапсырмаларды орындады. Байқау жеңімпазы атанған 9 сынып оқушысы Г.Оңғарбаева "бас жүлдені" жеңіп алды.