Мектеп тарихы
Түймекент орта мектебінің тарихынан
- 1915жыл - Шапаваловка мектебі (Қызыл мектеп)
- 1951 жыл - Буденовка орта мектебі
- 1959 жыл – Ақжар орта мектебі
- 1986 жыл – Буденовка орта мектебі
- 1997 жыл - Түймекент орта мектебі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының солтүстік-шығысына қарай бет алғанда, Талас-өзенінің жиегінде күн санап көркейіп келе жатқан Түймекент ауылы орналасқан. Талас өзенінен өткеннен кейін үлкен жол бойынан оң жаққа көз тастасаңыз төбешіктер көрінеді. Ол жерден ежелгі Түймекент қалашығының орны табылып, қазіргі таңда қазба-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Үлкен жолмен сәл ілгері жүрген кезде, сол жағыңызда көне үлгіде салынған құрылысы өзгеше қызыл кірпішті үй көз тартады. Бұл осы ауылда салынған алғашқы білім ошағы болатын. Бұл білім ошағының іргетасы қаланған екен. Жылдар өте келе ауыл тұрғындарының саны көбейіп мектепке баратын бала саны да өседі. Осыған орай ауыл орталығынан мектеп құрылысы басталып, пайдалануға беріледі. Ол мектеп құрылысына ауыл тұрғындары, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары да ат салысқан. Көрші Ақжар, Қарасу, Сухамбай, Көкөзек, Дихан ауылдарының балалары да оқыды.
Сол алғашқы ашылған білім ордасының бүгінде бір ғасырлық шежіресі бар. Осындай тарихи шежіресі бар ордасы-Түймекент орта мектебінің құрылғанына 100 жыл толу мерекесі ауқымды түрде аталып өтпекші. Білім ордалары мектептер, жоғары және арнаулы оқу орындары көп. Бірақ солардың ішіндегі ең маңыздысы-халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп-қоғамда өзіндік орны бар тұлғаларды тәрбиелеп шығарған, тарихы ғасырды еңсерген, іргесі мықты білім ордасына айналу. Міне, осындай талай-талай қиын да күрделі замандарда уақыт сынынан сүрінбей өткен Түймекент мектебінің ғасырлық тарихы келешек ұрпаққа өнеге болатындай және жастарды отаншылдыққа елжандылыққа тәрбиелейтіндей құндылықтарға ие.
Мектеп тарихы ауыл тарихымен тығыз байланысты. Түймекент ауылы қалай аталмады дейсің. Түймекент – Шапаваловка, Буденовка, Ақжар, Буденовка. Ең соңында өзінің тарихи атауы Түймекентті 6.02.1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ономастикалық комиссиясының ұйғаруымен қайтып алды. Елді мекеннің өзгеруіне қарай мектептің атауы өзгеріп отырды. Енді елді мекеннің бір ғасырлық тарихы бар Түймекент орта мектебінің тарихына тоқталып көрейік.
Шапаваловка селениесінде (сол кездегі атауы бойынша) көпке дейін мектеп болған жоқ. Алғашында селениеге көшіп келушілер де, көшіп кетушілер де көп болды. 1895 жылы көшіп келушілердің күшімен үш сыныптық шіркеу-приход мектебінің шағын үйі салынды. Бұл ғимарат кейіннен наубайхана болды. Онда священник дін оқуын оқытатын. Село тұрғындарының өтініші бойынша мемлекеттің қаржысына 1915 жылы жаңа мектеп ғимараты салынды. Мектептің күйдірілген кірпішін жергілікті қазақ тұрғындары дайындап, ал оны өзбек шеберлері құрды. Ол алғашында төрт сыныптық бастауыш мектеп болып ашылды, онда 30-60 оқушы тәлім алды. 1915 жылы салынған бұл мектеп ғимараты күні бүгінге дейін «Қызыл мектеп» болып аталып келеді.
Жүз жылдық шежіресі бар білім ордасында білім алған түлектердің арасында Ұлы отан соғысында ерлігімен танылған Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаев, 2011 жылғы қарашаның қаһарлы күнінде болған лаңкестік оқиғада терроршы-қаскүнемге қарсы тұрып, ерлікпен қаза тапқан, бүгінгі «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасов, бірнеше Социалистік Еңбек Ері (А.Л.Нахманович,Н.Түйтебаева,Ш.Есенаманов),КСРОЖоғары Кеңесінің 2депутаты: Н.Ақбозов,Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 3 депутаты А.Бекбосын(қоғам қайраткері,жазушы), Т.Ақбозов, А.Л.Нахманович(«Трудовой пахарь»колхозын басқарған,қазіргі 640 орындық мектеп құрылысын бастауға мұрындық болған),қазіргі Ленинград облысының губернаторы Дрозденко Александр Юриевич (2014жылы мамыр айында туған ауылына келіп, өзі оқыған білім ордасында болып,өзінің алғашқы ұстазы ,бүгінде зейнеткер ұстаз,В.Е.Шаповаловаға ыстық ықыласын білдірді), полиция генерал-майоры М.Жаманбаев, 4 ғылым докторы Т.Омарбеков- тарих ғылымының докторы, әйгілі суретші Дулат Алиев, көптеген жоғары шенді әскерилер, бірнеше танымал журналист-жазушылар, әртүрлі мемлекеттік органдардың басшылары,кәсіпкерлер, жүздеген мұғалімдер мен дәрігерлер,ауыл шаруашылығы мамандары бар.
1920 жылдың соңына қарай Шапаваловка селосы едәуір өсіп, 200 аулаға жетті. Сол жылдардан мектеп ашу жұмыстары қолға алынды. 1930 ауылдарда бастауыш қазақ мектептері құрыла бастады. Бастауыш мектепте балалар оқытумен қатар, үлкендердің сауатын ашуға үлкен істер атқарылды. Бастауыш мектептердің мұғалімдері ауылдардағы жалғыз сауатты адамдар болғандықтан, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысты. Балалар ол кезде, мектепке ауыл шаруашылығы жұмыстары аяқталған соң ғана оқуға келетін.
1931 жылы ауылда жетіжылдық мектеп ашылды. Өкінішке орай 1932-дан 1942 жылға дейін мектеп туралы деректер жоқ (Мектептің 30-40) жылдардағы хабарласуыңызға болады)
1942 жылы Свердлов (Байзақ) аудандық атқару комитетінің шешімімен Ақжар орта мектебіне айналды. Бұл мәлімет 1942-1943 жылдары мектептi бiтiрген Мошошина Екатерина Ивановнаның естелiгiнде айтылған. Соғыс жылдарынан бастап 1959 жылға дейінгі аралықта А.Г. Безбородов, К.Омбаев, Д.К Михайловский, Т.Саршаев,Ж.Башаров, К. Қаптағаев, К.Шыңғысбаев сынды азаматтар директорлык кызмет аткарған. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленин және Құрмет ордендерінің иегері, Қазақ КСР ағарту iсiнiң озық қызметкері, КСРО-ның жоғары ағарту iсiнiң озық қызметкерi - С.Т .Туғанбаев ұстаздык жолын бастады. 1967 жылы небәрі бiр жылда жана 4 қабатты 640 орынды мектеп ғимарат пайдалануға берілді. Мектепте екi ауысымда қазақ және орыс тілінде балалар оқытылды.
1959-1972 жылдары Жарболов Ордабай, 1972-1984 жылдар
аралығында. Е. Огай, Ж.Жексенбиев, Л.Глекнер мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Ал 1984-2002 жылдары аралығында 18 жыл бойы Бозай Оразалы Төлендiұлы басқарған кезде Ақжар орта мектебі Жамбыл облысы деңгейінде тірек мектебі дәрежесіне көтерілді. 1980-1984 жылдары мектепті бітіруші түлектерден Е.Елеуқұлов, Г.Әбiлдаевалар мектептi алтын медальмен бiтiрген. 1997 жылы Байзақ ауданы әкiмдiгi жаңалық комиссияның шешімімен Буденовка орта мектебі Түймекент орта мектебі деп өзгертілді.
2002 жылдан 2013 жылға дейiн Б.Мамаев, Е.Сырлыбаев. Қ.Қожақов, А.Қасымов, Е.Төлендиев, Қ.Байтен мектеп директоры болып жұмыс iстедi. 2013 жылы мектеп директоры лауазымына Қапарова Шырын Мамашайқызының келуiмен оқу-тәрбие үдерiсiнде оң өзгepicтep еніп, соның ішінде ҰБТ нәтижесі бойынша жақсы көрсеткіштерге кол жетті.2016-2018 жылдары Уразбаев М. мектеп директоры қызметін атқарды.
1998-2007 оқу жылы аралығында мектептiң мақтанышына айналған «Болашақ бағдарламасы бойынша Дидарбеков Уалихан АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде, Саилов Талғат Сингапур университетінде: Саилов Азат Англияда магистратурада оқуларын жалғастыруда Мектеп соңғы жылдарда спорт саласында, дойбыдан Жұмабаева Айдана, шахматтан Абдураимов Рахым, волейболдан Шайзадаев Абылайхан мен Азамат, Жүністегі Алмат, Болатбеков Acxaт, Сейткаримов Ернар жаттықтырушылары Жылысбаев Болат, Молдабеков Берік, Молдабеков Серiк, Құттыбаев Мұрат, Қасымов Ертуған республикалық жарыстардан жүлделі орындар иеленсе, білім саласында ҰБТ сынағында Күдербекова Айгерім, Серікбаева Жұлдыз, Әзімова Ақбота жүзден аса балл алып мемлекеттік жоғары оқу орындары грантының иегерлері болды. ҰБТ бойынша биология пәні мұғалімі Уразбаева Алмагүл, тарих пәні мүғалiмi Уразбаев Мұрат жүз пайыз керсеткішті көрсетті. 2013-2014 оқу жылдарында «Қазақстан жолы 2030 стратегиясы» тақырыбындағы шығармалар байқауында Әзімова Ақбота( пән мұғалiмi Л.Қожагелдиева) облыста бас жүлдені, Жұмабай Ақжан «Менің ұстазым» (Р.Бегасилова) тақырыбындағы республикалық байқаудан IIІ орынды Құсайынова Айғаным (К.Смағұлова) аудандық олимпиадасында биология пәні бойынша І орынды иеленіп, облыстан алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ Г. Қосумова, Б.Мамаев, Т.Секеров, Қ.Оразбаева, О Қонақбаева, О Оразалиева, Н. Қарақыстақова Р.Сарыбаева, Г Аетова, Ф.Шайзадаева, Р.Жұманалиева. Б.Қасымова F Мырзамбетова, Ә.Мырзахметова, Қ.Смағулова, С Жетібаева, Б.Мұстафаева, Б.Әлішева, Б Бекманова. С Дауылбаева мектебімізде көп жылдардан бері шәкірттерге білім беруде еңбек етіп келедi. Мiне, 150-ден аса мұғалім 1300 -дей оқушысы бар мектебiмiздiң жүз жылдық мерейтойы тойланғалы отыр.
2019 жылдан бастап Спаналиева Индира Абылханқызы мектепті басқарып келеді. Индира Абылханқызы басшылыққа келгелі мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар мектептің әкімшілік басқару құрамы қайтадан толық жасақталды. Оқу-тәрбие жүйесін басқаруды жаңа форматта ұйымдастыра отырып, мектептің перспективалық даму жоспарын жасап, енгізді. Мұғалімдердің оқыту - әдістемелік шеберліктерінің сапасын арттыру мақсатында мектепішілік бақылау мен әдістемелік кеңес жұмысын жүйелі бақылауды басшылыққа алды. Мұғалімдер өз пәндері бойынша тақырыптық тест материалдарын сапалы дайындап компьютерге енгізіп оқушылардан тест алуды электронды түрде тапсыру жолға қойылды.
И.Спаналиеваның тікелей басшылығы мен ұйымдастырушылық шеберлігінің айғағы - мектептің материалдық-техникалық базасы толықтай жабдықталды. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері, мектеп дәліздері, спорт зал, акт зал,мектеп шеберханасы мен асхана заман талабына сай, барлық эстетикалық талаптар сақтала отырып безендірілді. Мектеп дәліздері білім алушыларға тәрбиелік бағыт-бағдар беретіндей жаңа форматтағы тақырыптық жүйеде безендірілді. Мектептің ауласында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған аллея ашылып, білім алушыларды Отансүйгіштікке баулуға ықпал етуде. Мектептің кіре берісіне мектеп түлегі, Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың меморалдық тақтасы ілінді. Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы тыныс-тіршілігі телевизор арқылы және жүгіртпе жол арқылы күнделікті хабарлап отыру жүйелі жолға қойылды.