Тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспары
БЕКІТЕМІН Түймекент орта мектебінің
директоры
___________И.А.Спаналиева
Түймекент орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 6-сәуірдегі № 130 бұйрығына және 2021 жылғы 16-қыркүйектегі № 472 бұйрықтарын басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмысының
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
2021-2022 оқу жылы
Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы. Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас, ақпараттық, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған, зерттей білетін, іс-әрекет жасай білетін дағдысы қалыптасқан және жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті, көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық тәрбие
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі
Түсінік хат
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен үстемелеу: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа адамгершілік білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру» жобалары арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы тәрбие жүйесінің қазіргі кездегі модельдерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәрбие мен білім беруді, академиялық пәндер мен қосымша білім беруді кіріктіру, Қазақстанның түрлі өңірлерінде өлкетану-зерттеушілік экспедициялар, әлеуметтік, зияткерлік бастамаларға және мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық тәжірибесіне ресурстық қолдау көрсетуді, әртүрлі жастағы білім алушыларды өзін-өзі басқаруға тартуды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік-педагогикалық орта құру бойынша тәжірибесін тарату көрініс тапты. Сонымен бірге білім беру-тәрбие процесіне тартылған мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін арттырудың инновациялық каскадты әдісі белсенді пайдаланылады.
Тәрбие тұжырымдамасы баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие адамның дамуы үшін жағдай жасау бойынша мақсатты іс-қимылды көздейтін әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті болып табылады.Мұндай жағдайларды жасау баланы оқудағы, қарым-қатынастардағы, ойындардағы, практикалық әрекеттердегі әлеуметтік қатынастардың түрлі түрлеріне қосу арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие орталығының жаңа оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттері
Тәрбие орталығының мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын шеңберінде белсенді өмірлік және азаматтық жауапкершілік ұстанымы бар, өзінің үлкен және кіші Отанының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен, ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы аясында;
2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберіндебілім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану,интернационалдандыру, кіріктіру, ізгілендіру, компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін,тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
3. білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету; заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
4. балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту.
Күтілетін нәтиже-Білім беру ұйымында тәрбиенің заманауи ахуалының ерекшеліктеріне тән сипат әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық тәжірибесі ұстанымы тұрғысынан оны жаңартуға бағытталады. Тәрбие процесіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттері контексінде өлкетану компонентінің инновациялық моделі, білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің формалары мен тәсілдері, балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары белсенді енгізілуде, мектептің, ата-аналар қауымдастығының, әлеуметтік әріптестердің, әсіресе түрлі балалар қоғамдарының, қоғамдық формалды емес бірлестіктерінің қазіргі заманғы әдістерін іздеу және күшін шоғырландыру жүзеге асырылады.
1. Бағыты: қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас. | ||||
1 | Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы, 1 қыркүйек білім күніне орай «Кел, балалар оқылық!» тақырыбында 1 сыныптарға салтанатты түрде әліппе тапсыру лездемесі, «Тәуелсіздік жетістіктері» 2-11 сынып оқушыларына бірыңғай ашық тәрбие сағаттары | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қыркүйек |
2 | «Қауіпсіз мектеп» акциясын онлайн өткізу | Мәлімет | ДҚТІЖО Тәлімгер | 1 апта |
3 | «Қазақстанның рухани құндылықтары» сурет байқауы (5-6 сыныптар) | Мәлімет | Даму пәні бірлестігі | Қыркүйек |
4 | «Әдепті адам – әдемі адам» 7-8 сыныптарға арналған психологиялық тренинг | Мәлімет | Педагог-психологтар | Қыркүйек |
5 | «Өзіңді қорға» мектеп инспекторымен бірлескен ұлдар жиналысы | Мәлімет | ДҚТІЖО | Тоқсан сайын |
6 | Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұрпағымын», «Мен үшін Тәуелсіздік не?» челленджі | Мәлімет | Педагог ұйымдастырушы | Тұрақты |
7 | «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар» «Жетістіктер тарихы» кездесу | Анықтама | Тәрбие орталығы | Қыркүйек |
8 | Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» дөңгелек үстел | Анықтама | Тарих пәні бірлестігі | Қыркүйек |
9 | 20 қараша Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс-шаралар жоспары | Мәлімет | ДҚТЖО | 20 қазан 20 қараша |
10 | ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 5-11 сынып оқушылары арасында онлайн «Елдің туын желбіреткен Елбасы» мерекелік құттықтау «Кемелді келешекке бастар жол» патриоттық әндер байқауы «Біздің тұңғыш Президентіміз» бірыңғай ашық сабақтар Көпшілік оқырмандарға арналған «Елбасы-ел тірегі» кітап көрмесі ұйымдастыру | Дәлел құжат | ДТЖО «Жас Ұлан» ұйымы Музыка пәні мұғалімдері Кураторлар Кітапханашы | Желтоқсан |
11 | «9 желтоқсан Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні» адалдық сағаттары | Мәлімет | Сынып жетекшілер | 7-11 желтоқсан |
12 | 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шапағаты» мерекелік құттықтау (мектеп әкімшілігі) «Тәуелсіздік- ел тірегі» тақырыбында 2-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай сынып сағаттары «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: ұмытылмас ерлігі мен тағылымдық мұрасы» конференция Батыр тұлға туралы көркем фильмдер сыныптарға онлайн көрсету (сілтемесін сынып чаттарына салу) | Анықтама | ДТІЖО Тәрбие орталығы Бірлестік жетекшілері Тарих пәні бірлестігі Тәлімгер | 10-15 желтоқсан |
13 | «Мектептегі құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің жолы» аудандық ішкі істер қызметкерлерімен онлайн кездесу | Дәлел құжат | ДҚТЖО | Қаңтар |
14 | «Жас полиция» тобының жұмысы | Анықтама | Тәлімгер | Қаңтар |
15 | «Қоғамдық тәртіпті сақтау-ортақ міндет» ұлдар жиналысы Әкелер мектебінің мүшелері мен мектептің инспекторының қатысуымен | Анықтама | ДҚТІЖО | Желтоқсан |
16 | "Ерлік- ұрпаққа мұра" /Ауған соғысы жауынгерлері туралы/ танымдық іс-шара | Дәлел құжат | АӘД пәні мұғалімі | Ақпан |
17 | «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер» дебат | Анықтама | Дебат клубының жетекшісі | Ақпан |
18 | «Балалар қылмысы:ұрлық пен бопсалау» 1-4 сыныптар тәрбие сағаты | Дәлел құжат | Сынып жетекшілер | Наурыз |
19 | «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» ақпараттық сағат 8-11сыныптар | Дәлел құжат | Сынып жетекшілер | Наурыз |
20 | «Өрле Қазақстан» Патриоттық әндер байқауы | Анықтама | Музыка пән мұғалімдері | Сәуір |
21 | 12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ!» бірыңғай тәрбие сағаттары | Дәлел құжат | Сынып жетекшілер | Сәуір |
22 | «Жас сарбаздар шеруі» саптық шеру байқауы | Анықтама | Сынып жетекшілер АӘД мұғалімі | Мамыр |
23 | 9 мамыр - Жеңіс күніне күніне орай өткізілетін іс-шаралар ұйымдастыру | Дәлел құжат | Тәрбие орталығы | Мамыр |
24 | «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Тәрбие сағаты:1-8 сынып «Балалардың еңбегін қанауға жол жоқ», 9-11 сынып «Ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік» | Жоспар Анықтама фото | Сынып жетекшілер ДҚТЖО | Мамыр |
25 | «Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі» | Ақпарат беру | Сынып жетекшілер | Мамыр |
26 | Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 4 маусым–ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім-мақтанашым!» атты акция ұйымдастыру | Анықтама | ДҚТІЖО | Маусым |
2. Бағыты: рухани-адамгершілік тәрбиеМақсаты: жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын қайта құру туралы қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарына, нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін "Рухани жағырудың" құндылық негіздері туралы терең түсінік қалыптастыру; "Өзін-өзі тану" негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру. | ||||
1 | «Қамқорлық» жобасы аясында «Мектепке жол», «Мектепке жиналуға көмектес» және «Адамдарға қуаныш сыйла!» қайырымдылық акциясы | Жоспар, Анықтама | Әлеуметтік пед. Қайырымдылық фракциясы | Тамыз, қыркүйек |
2 | 1 қазан - Қарттар күніне арналған «Өз жүрегіңмен жылыту» қайырымдылық акциясы | Анықтама, фото | Тәлімгер, «Жас Ұлан» ұйымы | 30 қыркүйек |
3 | Тәрбие сағаты: «Қарттарын қадырлеген ер ардақты» | Жоспар | Сынып жетекшілер | Қыркүйек |
4 | «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» мерекелік кеш | Сценарий | Тәрбие орталығы | 1-4 қазан |
5 | Көрнекті этнограф, жазушы, әдебиеттанушығалым, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл толуына орай «Тауға біткен жалбыз» Өнеге сабағы | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қазан |
6 | Тәрбие сағаты: «Рухани келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі» | Жоспар | Сынып жетекшілер | Қазан |
7 | «Қыздар онкүндігі» /бөлек жоспар/ | Мәлімет | «Қыз Жібек» қыз-дар клубы мен «Ақжаулық» аналар клубының жетекшісі | Қазан /4-11/ |
8 | Тәрбие сағаты: «Қауіпсіз балалық шақ» (1-4) «Әр бала қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз...» (5-11) | Жоспар Анықтама | Сынып жетекшілер | Қараша |
9 | «Біз оқитын 30 кітап» (Тәуелсіздікке-30 жыл) «RED x» жұмысы | Анықтама | Сынып жетекшілер Кітапханашылар | Қараша |
10 | Тәрбие сағаты: «Ұлы қазақ ақыны, ағартушы Ы.Алтынсарин» Қазақтың аса көректі ағартушы - педагог жазушы, этногроф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына -180 жыл | Анықтама | Сынып жетекшілер | Желтоқсан |
11 | «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалыс жобасы «Тағдырыңның кілті -өз қолыңда!» Пікірталас | Мәлімет | Өзін-өзі басқару ұйымы | Қаңтар |
12 | «Мен және менің елім» АРТ - көрмесі | Анықтама | Эстетика бірлестігі | Ақпан |
13 | 1 наурыз Алғыс айту күні «Алғыс – бұл ...» тәрбие сағаты | Анықтама | Сынып жетекшілер | Наурыз |
14 | Тәрбие сағаттары: «Ибалы адам - иманды қоғам» | Анықтама | Сынып жетекшілер | Сәуір |
15 | «Қазіргі жастардың өмірлік басымдықтары» «Қамқорлық» акциясы | Анықтама | Әлеуметтік педагогтар | Жыл бойы |
16 | «Біз бәріміз бірдейміз!» Толлеранттылық сабағы | Анықтама | Сынып жетекшілер | Мамыр |
17 | 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Нұрлы болашақ» акциясы | Мәлімет | Тәрбие орталығы | Маусым |
3. Бағыты: ұлттық тәрбие Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау. | ||||
1 | «Тіл – татулық тірегі» 5 қыркүйек ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесіне арналған шаралар Онкүндік /бөлек жоспар/ | Жоспар, анықтама | Гум.пәндер бірлестігі | Қыркүйек |
2 | «Өнегелі бір сағат» жобасы. Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі» | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қыркүйек |
3 | «Дәстүр мен ғұрып» жобасы. Қазақтың әйгілі күйші компози-торы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нурпейісованың туға-нына -160 жыл «Даламды күймен тербедім» Домбырашылар челленджі | Дәлел құжат | Үйірмежетекшілері | Қазан |
4 | Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы-ның туғанына – 150 жыл, «Ғасырдың дара перзенті» тәрбие сағаты | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қазан |
5 | «Туған елге тағзым» /Өлкетану зерттеу экспедициясы/Саяхат сабақ | Анықтама, фото | Тарих-география пән мұғалімдері | Қазан |
6 | Өзге емес, өзім айтам өз жайымда»(Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай) | Анықтама, фото | Сынып жетекшілер | Қараша |
7 | «Ұшқыр ой алаңы»- дебаттық қозғалыс жобасы«Мәңгілік Елдің мызғымас 7 негізі» Дебат | Анықтама | Дебат клубының жетекшісі | Қараша |
8 | «Дәстүр мен ғұрып» жобасы «Тату үйдің тамағы тәтті» бейнеролик | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қаңтар |
9 | «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» Ақпараттық сағат | Анықтама | Сынып жетекшілер | Ақпан |
10 | Тәрбие сағаты: «Жамбыл – заңғар тұлға» | Анықтама | Сынып жетекшілер | Ақпан |
11 | «Ұлағат» әкелер мектебінің жұмысын ұйымдастыру /бөлек жоспар/ | Жоспар, анықтама | ДҚТЖО | Жыл бойы |
12 | «Өркендеу» жобасы аясында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі» жұмыстары | Жоспар, анықтама | «Шаңырақ» қауымдастығы мүшелері | Жыл бойы |
11 | «Наурыз-бірліктің, еңбектің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі» мерекелік іс-шара Мерекелік Концерт | Анықтама | Тәрбие орталығы | Наурыз |
13 | «Дәстүр мен ғұрып» жобасы «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» Сән апталығы | Дәлел құжат | Эстетика бірлестігі | Сәуір |
14 | «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» /31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні /Дөңгелек үстел | Анықтама | Тарих бірлестігі | Мамыр |
4. Бағыты: Отбасылық тәрбиеМақсаты: неке және отбасы мүшелерін құрметтеу құндылықтарын тәрбиелеу; отбасылық культ; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылықтары; отбасы мен достарына деген адалдық; отбасылық дәстүрлер; жәдігерлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу; ана болудың қасиеттілігі; сезім құндылықтары - сүйіспеншілік, адалдық, достық, ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру. | ||||
1 | Сыныптың әлеуметтік жағдайы туралы отбасы картасын жинақтау | Мәлімет жинақтау | Сыныпжетекшілерәлеуметтік педагог | Қыркүйек |
2 | Бала тәрбиесіндегі отбасы ролін көтеру. «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында мектепте «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» құру. /Арнайы жоспарлар әзірлеу/ | Жоспар | ДТЖО | Қыркүйек |
3 | Отбасы күніне арналған республикалық апталық "Отбасы-бақыт мекені" / бөлек жоспар/ «Отбасы - орта мектеп» жобасы | Анықтама | Тәрбие орталығы | 5-11 қыркүйек |
4 | Тәрбие сағаты: «Отбасы тәрбие -бастауы» | Жоспар | Сынып жетекшілер | Қыркүйек |
5 | «Оқуға құштар мектеп»,«Озық оқырман» отбасылық байқауы | мәлімет | Мектеп кітапханашысы | Қазан |
6 | Өзара қарым-қатынас, отбасы тәрбиесі ерекшелігі, ондағы эмоционалдық атмосфера мен тұрмыс жағдайын анықтау мақсатындағы оқушылар үйлеріне рейд | Байланыс дептері | Сыныпжетекшілер, әлеметтік педагог, мектеп психологі | Жыл бойы жоспарлы түрде |
7 | Ата-аналар қоғамдастығының алдында қамқоршылық кеңестердің көпшілік жария есептерін өткізу | Есеп | ДҚТІЖО | Жылына 1 рет |
8 | «Дәстүр мен ғұрып» жобасы «Әкем айтқан нақыл сөз...» «Айтарым бар...» ток-шоу | Анықтама | ДҚТІЖО«Әкелер» клубы | Қараша |
9 | «Өнегелі бір сағат» жобасы «Тоғызқұмалақ-day» Отбасылық турниры | Дәлел фото | Дене тәрбиесі пән бірлестігі | Қараша |
10 | «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» Бейне көрсетілім «Шаңырақ» жобасы | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қаңтар |
11 | "8 -наурыз -Халықаралық Аналар күніне" арналған шаралар /бөлек жоспар/ | Сценарий | «Шаңырақ» қауымдастығы | Наурыз |
12 | Тәрбие сағаты: «Ана-тіршіліктің тірегі» | Жоспар | Сынып жетекшілер | Наурыз |
13 | Ата-аналарға психологиялық кеңестер | Кеңес беру журналы | Педагог-психолог, әлеуметтік педагог | Жыл ағымында |
14 | Ата-аналар жиналыстары /бөлек жоспар/ | Жоспар, хаттама | ДТЖО, сынып жетекшілер | Тоқсан сайын |
5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту, қайталанбас құндылық ретінде табиғатты сүю; кіші Отан ретінде туған табиғатқа деген сүйіспеншілік. | ||||
1 | Еңбек күніне арналған тәрбие сағаттары: «Еңбек түбі – береке!» «Еңбек елдің мұраты» жобасы | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қыркүйек |
2 | Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған балалар шығармашылық байқауы | Анықтама | Педорганизатор | Қазан |
3 | «Үнем - қоғам қуаты» жобасы Су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған «Үнемділік инноваторы» Жарнамалық жұмыстар конкурсы | Мәлімет | Физика және информатика пән бірлестігі | Қазан |
4 | «Үнем - қоғам қуаты» жобасы «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» Тәрбие сағаттары | Анықтама | Сынып жетекшілер | Қараша |
5 | «Өнегелі бір сағат» жобасы. «Ер дәулеті еңбек» Шеберлік сағат | Дәлел фото | Технология пән мұғалімдері | Қаңтар |
6 | «Bala-BUSINESS» жобасы «Ізденіс, еңбек, талпыныс-жетістік кілті» кездесу | Мектепішілік | Химия-биология пән бірлестігі | Қаңтар |
7 | Мектеп аумағын көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізу | Дәлел фото | Тәлімгер | Тұрақты |
8 | «Еңбек-елдің мұраты» жобасы «Мамандықтар әлемін ашамыз» | Форум | ДБЖО | Ақпан |
9 | «ЭКОstart» жобасы «Табиғат тамашалары» сурет байқауы | Анықтама | Педорганизатор | Наурыз |
10 | «Барлық жағынан жетістікке жетудің сыры неде?» Дебат | Анықтама | Дебат жетекшісі | Сәуір |
11 | «Табиғатты қорғау», «Бір бала – бір ағаш» акциясы | Акция | Тәрбие орталығы | Сәуір-мамыр |
12 | «Үнем - қоғам қуаты» жобасы «Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны туралы» Пікірталас 7-9 сыныптар | Анықтама | Химия-биология бірлестігі | Мамыр |
6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу Мақсаты: әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті, соның ішінде балалардың кибер мәдениеті мен кибер гигиенасын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. | ||||
1 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» Оқырмандар сайысы | Ақпарат | Кітапханашылар Ақпарат фракциясы | Қазан |
2 | «Өнегелі бір сағат» жобасы. Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл толуына орай «Мұқағали өлеңдерін оқимыз» мектепте үзілісте бірыңғай оқу сағаты | Жоспар | Сынып жетекшілерКітапханашылар | Қазан |
3 | «Кел, балалар, оқылық!» Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы Челлендж, сынып сағаты | Мектепішілік | Аға тәлімгер | Қараша |
4 | «Ұлы Дала мұрагерлері» жобасы «TEDx» жобасы | Ақпарат фракциясы | Қараша | |
5 | «Робототехника» жобасы | Ақпарат | Информатика пән мұғалімдері | Тұрақты |
6 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл, Зияткерлік ойын | Анықтама | Педорганизатор | Желтоқсан |
7 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл толуына орай, «Ж.Жабаевтың өмірінен 10 дерек ақпараттық-Time | Ақпарат | Ақпарат фракциясы | Желтоқсан |
8 | «BOOKDATING – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы «Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» Дебат | Анықтама | Дебат жетекшісі | Қаңтар |
9 | «Өнегелі бір сағат» жобасы «Қазақстанның дамуы жастар қолында» Ток-шоу | Анықтама | Педорганизатор | Қаңтар |
10 | «Көшбасшы - 2021» Зияткерлік байқауы | Анықтама | Педорганизатор | Ақпан |
11 | «Вookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы «Бірге кітап оқиық!» | Эстафета | Сынып жетекшілерКітапханашылар | Наурыз |
12 | "Қауіпсіз интернет" айлық /бөлек жоспар/ | Анықтама | Тәрбие орталығы | Сәуір |
13 | «ІТ – келешегі кемел сала» Дөңгелек үстел | Мәлімет | ІТ мамандар | Мамыр |
14 | «Балалар және театр» жобасы | Есеп | Үйірме жетекшсі | Мамыр |
7. Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру, эстетикалық талғам мен сезімнің эстетикалық санасын, халықтардың ұлттық мәдениеттері құндылықтарына көркемдік-эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру. | ||||
1 | Тәрбие сағаты: «Ереже-мектептің негізгі заңы мінез-құлық ережемен таныстыру» | Мәлімет | Сынып жетекшілер | Қыркүйек |
2 | «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәуелсіздік жетістіктері» танымал тұлғалармен кездесу | Сценарий фото | Тәрбие орталығы | Қыркүйек |
3 | Тәрбие сағаты: «Рухани келісім күніне арналған тәрбие сағаттары» | Сабақ жоспары | Сынып жетекшілер | Қазан |
4 | «30 игі іс» жобасы «30 үздік қолөнер бұйымы» (Тәуелсіздікке-30 жыл) | Дәлел құжат | Эстетика пән бірлестігі | Қазан |
5 | «Жаңа-жылдың жарқырайды шамдары» мерекелік іс-шара | Анықтама | Тәрбие орталығы | Желтоқсан |
6 | «Өнегелі бір сағат» жобасы «Оқушы мен ұстаз мәдениеті» Дөңгелек үстел | Анықтама | Өзін-өзі басқару ұйымы | Қараша |
7 | «Өнегелі бір сағат» жобасы «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» қыздарға кеңес | Фото анықтама | «Қыз жібек» қыздар клубы | Тұрақты |
8 | «Дәстүр мен ғұрып» жобасы «Шеберлер қаласы: ата-бабала-рымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» Өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығы | Фото | Эстетика пән бірлестігі | Ақпан |
9 | 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай бірлік фестивалі | Дәлел құжат | Тәрбие орталығы | Мамыр |
10 | «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2022» «Қош бол,алтын ұя, мектебім» (мектеп түлектерінің аттестат алу кеші)салтанатты жиын | Сценарий | Тәрбие орталығы | Мамыр |
11 | Театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға әкскурсия | Мәлімет | Тәрбие орталығы | Жыл ағымында |
12 | «Тарихтан тағылым» мұражай сабақтары | Дәлел құжат | Тарих пәні мұғалімі | Жыл бойына |
8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру. | ||||
1 | Біліма лушылардың спорт секцияларымен қамтылуын бақылауда ұстау | Мәлімет | Сынып жетекшілер | Тұрақты |
2 | Тоғызқұмалақтан, стол теннисінен және шахматтан секция жұмыстарын жүргізу, жарыстар ұйымдастыру | Анықтама | Спорт бірлестігі | Тұрақты |
3 | «Былғары доп» футбол турнирі | Анықтама | Спорт бірлестігі | Тұрақты |
4 | «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы «Дұрыс тамақтану – ұлт денсаулығын сақтау» тәрбие сағаты «NO SMOKING DAY» шылым шегуге қарсы акция | Дәлел құжат | Сынып жетекшілер Жас ұлан ұйымы | Қыркүйек |
5 | «Әлемді бағындырған жерлесіміз» әлем чемпионымен кездесу | Фото | Спорт бірлестігі | Қазан |
6 | Бүкіләлемдік ЖИТС-қа қарсы күрес күні "ЖИТС - ғасыр дерті" тәрбие сағаттары: | Дәлел құжат | Сынып жетекшілер | Желтоқсан |
7 | «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы «Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?» Медицина қызметкерлерімен кездесу | Дәлел құжат | Сынып жетекшілер | Наурыз |
8 | «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы «Шахмат-day» турнир | Анықтама | Спорт бірлестігі | Сәуір |
9 | «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы. Эстафеталық ойындар | Анықтама | Спорт бірлестігі | Сәуір |
10 | «Денсаулық – ең басты қажеттілік» дәріс | Дәлел құжат | Мектеп медбикесі | Тұрақты |
11 | «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» Қазақтың ұлттық ойындары | Дәлел құжат | Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері | Тұрақты |
12 | «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы «Судағы қауіпсіздік ережесі мен жүріс-тұрыс қағидалары» танымдық сабақ | Анықтама | Сынып жетекшілер | Мамыр |