САРЫБЕКОВА - ИСАБЕКОВА ЖАНАТ ТӨЛЕНҚЫЗЫ

Сарыбекова - Исабекова Жанат Төленқызы 1957 жылы 4-маусымда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Ақжар (Түймекент) орта мектебіне оқуға барып, 1974 жылы бітіріп шықты.
Мектепте оқуы мен тәрбие жағынан үлгілі оқушылардың бірі болды.
1975-1979 жылдары аралығында Октябрьдің 50-жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтта білім алды.
1979-1984 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында Абай атындағы орта мектепте математика пәнінің мүғалімі болып жүмысын атқарды.
1984-1999 жылдары Тараз қаласында орналасқан Абай атындағы педагогикалық колледжде аға оқытушы, 1999-2004 жылдары аралығында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы болып қызметтер атқарды.
2004 жылы Астана қаласында Еуразия гуманитарлық институтының ғылыми кеңесінде педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Болашақ мүғалімдерді оқушы қыздарды қазақтың халық педагогикасы арқылы тәрбиелеуге даяр- лау» тақырыбына жазылған кандидаттық диссертациясын қорғады.
2004-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Тараз қаласындағы филиалында доцент, 2006- 2008 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті кафедра меңгерушісі болып жүмыс істеді.
2008 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
2008-2009 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, 2009-2014 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті профессоры болып жүмыстар атқарды.
2010 жылы Астана қаласы, Еуразия гуманитарлық институтының ғылыми кеңесінде педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Қазақ халық педагогикасындағы қыздар тәрбиесі» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясын қорғады.
2011 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институттың «Айша» қыздар клубының мүшесі болды.
2007 жылы «Современность, информационный мир и молодежь», «Молодежь - будущее Казахстана» атты өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда белсендігі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
2008 жылы Білім беру ісінің «Қүрметті қызметкер» төсбелгісімен марапатталды. Осы жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болды. Қазақстан психологтар ассоциациясы ұйымдастырумен өткізілген семинарға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
2009 жылы Білім беру саласындағы елеулі еңбегі мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін мадақтамамен марапатталды.
2010 жылы ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасындағы II республикалық пәндік олимпиадасына студент жастарды дайындағаны үшін ІП дәрежелі дипломмен марапатгалды
2012 жылы ҚР КАТЕV халықаралық қоғамдық қорының үйымдастыруымен «Заманауи мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық жолдары» тақырыбындағы семинарына қатысқаны үшін сертификатпен, Оңтүстік Африкадағы Кейптаун. XXX Әлемдік Психологтар Конгресіне қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
2013 жылы ҚР Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының «Құрмет грамотасы», «Бүгінгі патриоттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері» ғылыми семинарды жоғары дәрежеде дайындағаны үшін берілген Алғыс хатымен, ҚР Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Қазақстан білім және педагогика ғылымының тарихы: трансформация және инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конфе- ренцияға белсене қатысқаны үшін сертификатпен, «Қазіргі тәжірибелік психологияның білім беру жүйесіндегі орны» кәсіптілікті жоғарылату курсын аяқтағаны жайлы серти- фикатпен марапатталды.
2014 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанды. Осы Студенттер мен мектеп оқушыларына арналған «Жас дарын» II республикалық ғылыми- практикалық конференциясында оқушылар мен студенттердің ғылыми шығармашылығына жетекшілік жасаудағы және шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы, қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті білім берудегі жемісті еңбегі үшін «Алғыс хатымен», Алматы қаласында өткен «Методы клинико-психологической интервенции и диагностики» атты біліктілікті көтеру курсына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
2015 жылы «Қазіргі оқыту технологиясының өзекті мәселелері» атты республикалық семинарына қатысқаны үшін сертификатпен, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық семинарға қатысқаны үшін сертификатпен, «Қазіргі психологияның мето- дологиялық, теориялық және практикалық мәселелері әлемдік конгрестер мысалында» семинар-тренингте біліктілігін көтеру курсынан өткендігін растайтын сертификатпен, Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өткен «XI INTERNATIONAL RESEARCH AND PRACTICE CONFERENCE» атты конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен, Прага қаласында өткен Халықаралық ғылыми конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Сарыбекова Жанат Төленқызы «Қыздар тәрбиесі, болашақ ұстаздарды қыздар тәрбиесіне даярлау, қыздар тәрбиесінің этнопедагогикалық негіздері» қыздар мектебін құрды.
Сарыбекова Жанат Төленқызының еңбектері: монографиясы - 2, оқу құралдары - 3, оқу әдістемелік құралдары - 35, ғылыми мақалалары - 150, импакт фактор - 2, авторлық таңдау пәндері - 8.
Жанұялық жағдайы: тұрмыс құрған. Жолдасы - Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры. 2013 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің төрағасы.
Отба- сында Арман, Саржан және Салтанат есімді ұл-қыздары бар. Тараз қаласында тұрады.