Ғазиз Байтасов » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2022

Ғазиз Байтасов

Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Ғазиздің әкесі Әбдібек қызмет бабын ауыстыруына байланысты облыс орталығының іргесіндегі Байзақ ауданы Түймекент ауылына көшіп келеді. Осы ауылдағы Түймекент орта мектебін тек үлгілі бағалармен бітіреді.    1989-1991 жылдар аралығында Ғазиз Отан алдындағы борышын адал атқарып, сержант шенімен туған жеріне оралады. Сөйтіп, 1992 жылы Жезқазған политехникалық университетінің көлік-жол факультетіне оқуға түседі. Бірақ сол жылы әкесі қайтыс болып, анасы мен қарындастарының қамын ойлап, оқуын осында ауыстырып алады. Одан кейін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдап, жоғары білім алады. 

         1992 жылы 11 мамырдан бастап Ғазиз Байтасовтың Ішкі істер органында қызметтік жолы басталды. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, заңгер мамандығын иемденген Ғазиз өз қызметін атқару барысында 28 рет марапатталған, соның ішінде 2 медалі бар. 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында тосыннан болған лаңкестік оқиға кезінде ерлікпен қаза тапты. 

Лаңкестік оқиға қалай өрбігеніне тоқтала кетейік: бүкіл елді шулатқан қайғылы оқиға сол күні таңертең Мақсат Кариевтің діни экстремизмге қатысы бар деген күдікпен өзін сырттай аңдып жүрген Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің екі қызметкеріне тұтқиылдан шабуылдап, оларды атып кетуінен басталған. Одан кейін қатігез қарақшы сағат 11-лер шамасында көше бойынан Т.Забировтың «Мазда-626» автокөлігін тартып алып, оның қол аяғын байлап, тастап кетеді. Абырой болғанда жүргізушіге залал келтірмепті. Одан кейін Қазыбек би көшесі мен Қойгелді батыр көшесі қиылысында орналасқан «Охотничий» қару-жарақ сататын дүкенге баса-көктеп кіріп, күзетші Вячеслав Федосеенконы атып өлтіріп, дүкенге өз шаруасымен бас сұққан Нұрғали Оразбақовты ауыр жарақаттаған. Жәбірленуші Н. Оразбақов алған жарақаты салдарынан «Жедел жәрдем» көлігінде көз жұмды. Дүкеннен «Сайга» және «CZ» мылтықтарын ала шыққан қаскөй жолай кездескен Р. Сыдықовтың «ВАЗ-21099» автокөлігін тартып алып мініп, үйіне қарай қайтқан. Ол жерден алдын ала дайындап қойған «РПГ-26» гранатометін алып, ҰҚК-нің облыстық департаменті ғимараты маңына келіп, құзырлы органның ғимаратын гранатометпен бір мәрте, автоматпен бірнеше мәрте оқ астына алады. Құдай сақтап бұл жерде зардап шеккендер болмаған. 

Ол жерде көп бөгелмеген қатігез қылмыскер облыстық драма театры ғимараты жанына келгенде автокөліктен түсіп, жаяу жорта жүгірген. Сол арада өзін қуып келе жатқан атты полиция сержанттары Данияр Құрманбаев пен Мәлік Молдақасовты атып жаралаған. Өкінішке қарай, қылмыскерді құрықтауға олардың қолдарында қарулары болмапты. Одан кейін Қазыбек би көшесіне қарай қашқан оны жол полициясы қызметкерлері орталық гастроном алдында қуып жетіп, екі жақты атыс орын алған. Атыстан қарақшы да, полицейлер де, атап айтсақ, взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов кеудесінен, ал сержант Самат Алашов санынан жараланады. Осы кезде капитан Ғ.Байтасов өзінің ауыр жараланғанына қарамастан, жаралы жауды қарусыздандыру, айналадағы бейбіт халықты оның автоматтан жаудырған оғынан қорғау мақсатында тап беріп, құшақтай алғанда жанкешті М.Қариев қойнындағы жарылғыш құрылғыны іске қосып, қатты қопарылыстан сол арада екеуі де көз жұмған. Міне, айналасы үш сағатқа жуық уақыт ішінде жеті адамның өмірін қиып, үш адамды жарақаттаған қанды оқиға осылай өрбіген. 

2011 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жол полициясы жеке батальонының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасовқа көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Похожие публикации:

08 сентябрь 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[aviable=main]

Біздің ұжым