Біз туралы » Страница 2 » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАЗАҚСТАН ИНТЕРНЕТ ОЛИМПИАДАСЫ
12
сентябрь
2022
ҚАЗАҚСТАН ИНТЕРНЕТ ОЛИМПИАДАСЫ
Түймекент орта мектебінің ұжымы 2021-2022 жылдың қорытындысына сәйкес ҚАЗАҚСТАН ИНТЕРНЕТ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ рейтингісі бойынша республикалық мектептер арасынан үздік үштікке ілініп, «КИО» кубогымен марапатталды.
TIMSS-2022 апробациялық зерттеуі
29
апрель
2022
TIMSS-2022 апробациялық зерттеуі
Түймекент орта мектебінде 26 сәуір күні мектеп үйлестірушісі А.Байгонысова мектеп мұғалімдеріне Халықаралық TIMSS-2022 апробациялық зерттеуінің маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп, 2022 жылдың 5 мамыр күні мектепте өтетін Халықаралық TIMSS-2022 апробациялық зерттеуінің жоспарымен таныстырды.
"Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикасы
21
апрель
2022
"Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының"Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен математика пәні бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық олимпиадаға қатысқан 10 "А" сынып оқушысы Амреева Жаннұр (жетекшісі: Ш.Мырзалиева) терең білімімен ерекшеленіп, марапатталды
Мамырбаев Серік Мамайұлын мерейлі 90 жасқа толуымен мектеп ұжымы құттықтап барды.
09
апрель
2022
Мамырбаев Серік Мамайұлын мерейлі 90 жасқа толуымен мектеп ұжымы
Байзақ ауданының құрметті азаматы, Қазақ КСР  Оқу министрлігінің ,, Халық ағарту ісінің озық қызметкері" , өнегелі - өнерлі ұстаздар әулетінің асқар тауы -  Түймекент орта мектебінің ардақты ұстазы Мамырбаев Серік Мамайұлын мерейлі 90 жасқа толуымен мектеп ұжымы құттықтап барды. Мектеп директоры И. Спаналиева жылы лебізін білдірді. Серік Мамайұлы өзі 40 жылдан аса ұстаздық еңбек еткен  ұжымына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
,, Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолында'' атты Қазақстан халқына жолдауы педагогикалық ұжымда  талқыланды.
09
апрель
2022
,, Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолында'' атты Қазақстан
Түймекент орта мектебінде  мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ,, Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолында'' атты Қазақстан халқына жолдауы педагогикалық ұжымда  талқыланды. И. А. Спаналиева жолдауда көрсетілген президенттің  партияға мүше болуын тоқтату,  Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру,  елімізде Конституциялық сот құру,  БАҚ туралы заңды қайта қарау, әкімнің орынбасарлары үшеуден артық аспауы керектігі,  президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға
"Білім саласындағы медиациялық қызметті жетілдіру жолдары" тақырыбындағы облыстық семинар
09
апрель
2022
"Білім саласындағы медиациялық қызметті жетілдіру жолдары"
"Білім саласындағы медиациялық қызметті жетілдіру жолдары" тақырыбындағы облыстық семинарда Түймекент орта мектебінің директоры И.Спаналиева "Құқық қорғау қызметі" мектептегі медиация орталығындағы келісу рәсімдері туралы" тақырыбында баяндама жасап, өз- тәжірибесімен бөлісті.
"Бақытты балалық шақ" акциясы
08
апрель
2022
"Бақытты балалық шақ" акциясы
Қасиетті рамазан айында Түймекент орта мектебінде әлеуметтік- педагогтардың және өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Бақытты балалық шақ" акциясы өтуде. Акция мақсаты әлеуметтік аз қамтылған мұқтаж отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсетіп, қажеттіліктерін алуға қол созу.
Ұстаздар арасында волейболдан аудандық турнир  өткізілді.
26
март
2022
Ұстаздар арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді.
2022 жылы 26 наурыз күні Байзақ ауданының құрметті азаматы, Түймекент орта мектебінің ардагер ұстазы Мамырбаев Серік Мамайұлының мерейлі 90 жасқа толу құрметіне арналған ардагер ұстаздың кенже ұлы Мамырбаев Ақболат пен 1978 жылы туылған  шәкірттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында волейболдан аудандық турнир  өткізілді. Турнирге қатысушыларды мектеп әкімшілігінің тарапынан ұйымдастырылған '' Тілектер шарын '' жару ойынымен  қарсы алды. Шарды жарған әр қатысушы өзіне бүгінгі жарысқа шабыт
,, Қош келдің, Әз - Наурыз!"" мерекесі аймақ  көлемінде кеңінен тойланып өтті.
21
март
2022
,, Қош келдің, Әз - Наурыз!"" мерекесі аймақ көлемінде кеңінен
Түймекент ауылдық мәдениет үйінің алдында ,, Қош келдің, Әз - Наурыз!"" мерекесі аймақ  көлемінде кеңінен тойланып өтті. Мерекеде  Түймекент орта мектебінің ұжымы қазақтың ұлттық салт дәстүрлерін болашақ ұрпаққа насихаттау мақсатында  бесікке салу рәсімін жоғары деңгейде көрсетіп, көрерменнің көңілінен шықты.  Мектеп директоры И. Спаналиеваның басшылығымен ,, Түймекент орта мектебінің шаңырағында" ауыл ақсақалдарына ет, ауыл тұрғындарына наурыз көже беріліп, қариялардың  батасын алды.Мектеп
,, Көрісу'' күні
14
март
2022
,, Көрісу'' күні
14- наурыз - береке мен бірліктің мейрамы ,, Көрісу'' күніне орай Жамбыл облысының ,, Руханият керуені'' ат басын Түймекент ауылына бұрды. Керуенді ауданның мәдениет қызметкерлері арнау айтып, ән - шашумен қарсы алды. Ауылдық мәдениет үйі  алдында  қонақтарды Түймекент орта мектебінің ,,Ақ әжелер'' ансамблі қошеметпен қарсы алып, ас атасы - ыстық бауырсақ ұсынды. ,,Көрісу'' мерекесі  барысында ән, би мен ұлттық спорт ойындары тамашаланып, ,,Ақ әжелер'' ансамблінің өнері ерекше ықыласқа бөленді.
[aviable=main]

Біздің ұжым