Ақпарат » Страница 54 » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 54
"Музыкадағы жыл мезгілдері" тақырыбында ашық сабақ
21
апрель
2022
"Музыкадағы жыл мезгілдері" тақырыбында ашық сабақ
Түймекент орта мектебінде "Болашаққа жол бастар, бастауыш- білім данасы" тақырыбында бастауыш сынып онкүндігінің жоспарына сәйкес, бастауыш сынып мұғалімі Турсынбаева Кайыркул Парахатқызы 4"В" сынып оқушыларымен музыка пәнінен "Музыкадағы жыл мезгілдері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында балалар музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін анықтап, мазмұнын ажыратты. Т. Тоқжановтың «Жыл- он екі ай» домбыраға арналған пьесасынан үзінді тыңдап, К. Дүйсекеевтің «Жау-жау, жаңбыр әнін орындады.
Электр энергиясының өлшем бірліктері.
21
апрель
2022
Электр энергиясының өлшем бірліктері.
Түймекент орта мектебінің жаратылыстану пәнінің мұғалімі Ақмағамбет Кәмшат оқушылардың білім сапасы мен шығармашылығын дамытуға бағытталған "Электр энергиясының өлшем бірліктері. Электр энергиясының құнын есептеу" тақырыбында екінші зерттеу сабағын өткізді.
"Қазақ күресі.Күш атасы-Қажымұқан"
21
апрель
2022
"Қазақ күресі.Күш атасы-Қажымұқан"
Түймекент орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Искандерова оқушылардың білім сапасы мен шығармашылығын дамытуға бағытталған "Қазақ күресі.Күш атасы-Қажымұқан" тақырыбында екінші зерттеу сабағын өткізді
"Білімділер бәйгесі" атты зияткерлік ойын
21
апрель
2022
"Білімділер бәйгесі" атты зияткерлік ойын
25.02.2022 ж. Түймекент орта мектебінің 3 сынып білім алушыларының қатысуымен " Білімділер бәйгесі" атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ойынның басты мақсаты білім алушылардың арасында өзара бәсекелестік тудыру арқылы білімге деген құлшыныстарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз білімін көтеру мақсатында өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету. Ойын қызықты да тартысты өтті. Ойын барда жеңу бар, жеңілу бар. 3 "А" сыныбының қатысушылары (Балпанқұл Айзере мен Камаладдин Нұрберген ) ойын
"Біздің де бір ойымыз бар...
20
апрель
2022
"Біздің де бір ойымыз бар...
Түймекент орта мектебінде "Болашаққа жол бастар, бастауыш - білім данасы" тақырыбында бастауыш сынып онкүндігінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі М.Адайбекова әдебиеттік оқу пәнінен "Алғашқы ұстаз. Алғашқы қоңырау" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта "Сәйкестендір", "Анаграмма", "Біздің де бір ойымыз бар...", "Постер", "Синквейн" әдістерін пайдаланып, топтық жұмыстар жүргізді. Сабаққа окушылар белсенді түрде қатысты және смартфоннан тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықты.
"Алғыс айту" жәшігі
20
апрель
2022
"Алғыс айту" жәшігі
Түймекент орта мектебінде өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Алғыс айту" күніне орай оқушылар мен мұғалімдердің бір- біріне деген ыстық ықыласын білдіруіне мүмкіндік жасау үшін "Алғыс айту" жәшігін ұйымдастырды. Мұнда кез- келген адам ықылас - тілегін жазып тастай алады. Соңында 1- наурыз күні өзін- өзі басқару ұйымының мүшелері хатты өз иелеріне тапсырады.
Интернет олимпиада
20
апрель
2022
Интернет олимпиада
Түймекент орта мектебінің математика пәні мұғалімдері Қазақстандық интернет олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды
"Ыбырай Алтынсарин ауыспалы кубогы"аудандық пікірсайыс турнирі
20
апрель
2022
"Ыбырай Алтынсарин ауыспалы кубогы"аудандық пікірсайыс турнирі
✔️ Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен "Ыбырай Алтынсарин ауыспалы кубогы" аудандық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Турнир қорытындысы бойынша: 1-ші орын - Балалар және жасөспірімдер орталығы 🥇 Абуталип Аружан 🥇 Абуталип Арайлым 2-ші орын - Түймекент орта мектебі 🥈 Камаладин Нурила 🥈 Назар Гүлім 3-ші орын - Түймекент орта мектебі 🥉 Токпанова Асель 🥉 Амреева Ақнұр 3-ші орын - Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі 🥉 Аққос Айғаным 🥉
"Ата-ана мектепте қонақта" ата-аналармен жаңа форматта ашық сабақ
20
апрель
2022
"Ата-ана мектепте қонақта" ата-аналармен жаңа форматта ашық сабақ
Түймекент орта мектебінде "Ата-ана мектепте қонақта" тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен жиналысы өткізілді. Жиналысты өткізудің мақсаты: "Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату". Мектеп директоры Индира Абилханқызы жиналысты ашты. "Ата-ана мектепте қонақта" ата-аналармен жаңа форматта ашық сабақтар, бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ән көңілдің ажары" концерттік бағдарламалар, "Бала
“Мұқағали мұрасы” атты шығармашылық мәнерлеп оқу байқауы
20
апрель
2022
“Мұқағали мұрасы” атты шығармашылық мәнерлеп оқу байқауы
Түймекент орта мектебінің мектепалды даярлық “Д” тобының тәрбиенушілері “Мұқағали мұрасы” атты шығармашылық мәнерлеп оқу байқауына және де сауат ашу негіздері мен математика негіздері пәндері бойынша қашықтық олимпиадаға қатысып, Жалғас Айтгүл, Жолдасбай Перизат, Емберген Зере, Сейітбай Нұрбақыт, Кеңесбай Айзере, Манас Нұрислам, Асембек Ақсезім, Жумали Дамир, Нұргожа Мирас, Қарақұл Гауһар, Базарбай Бекнур, І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Топ жетекшісі Таласбаева Назира Жалғасовна.
[aviable=main]

Біздің ұжым