"Елбасы күніне арналған" пікірсайыс турнирі
2018 жылдан бері Түймекент орта мектебінде «Фемида» пікірсайыс клубы құрылып, жұмысын жасап келеді. Осы жылдан бастап оқушыларға жат ұғым сұранысқа ие бола бастады. Оқушылардың қызығушылығы артып, тұрақты түрде аудандық, облыстық турнирлерге мектеп атынан шыға бастады. 2019 жылы ақпан айында алғашқы аудандық пікірсайыс турнирінде Серікбаева Салтанат, Мұрат Аяулым 2-ші орын иеленді. Сол уақыттан бастап оқушыларымыз өзге мектеп оқушыларымен достасып, пікірсайыс достық мекені екенін түсіне