Ауқымды іс-шара
Түймекент орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған ауқымды іс-шара «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты мерекелік концертпен жалғасын тапты. Меркелік концерт мектеп өмірі туралы бейнероликпен ашылып, мектеп мұғалімдері мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңында мектепке демеушілік жасаған жомарт түлектеріміз арнайы алғыс хаттармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды