"Ой-теңіз, сөз - маржан"
Түймекент орта мектебінде 2021 жылдың 21 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында жергілікті ақындардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында "Ой-теңіз, сөз - маржан" тақырыбында Жанатбек Тұрғынбеков және Ертай Тазабековпен кездесу өткізілді.