Ақпарат » Страница 21 » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 21
"Кітап - білім бұлағы..."
25
апрель
2022
"Кітап - білім бұлағы..."
Түймекент орта мектебінде"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру жөнінде құрылған іс -шара жоспарына сəйкес мектеп кітапханасында 23 -сəуір Халықаралық кітап күні қарсаңында "Кітап - білім бұлағы..." тақырыбында баланы кітапқа қызықтыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайдтар мен ертегілер қойылды.
«Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында бейнеролик
25
апрель
2022
«Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында бейнеролик
Түймекент орта мектебінде 26.04.2021 күні «Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбындағы экологиялық білім беру апталығының ашылуына орай бірлестік жетекшілері және сынып жетекшілері бірлескен отырыс болды. Отырыста апталық жоспары жасалып, жұмыстар бекітіліп берілді. Жоспар бойынша мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен апталық тақырыбына сәйкес газет-журналдарға шыққан мақалалар және кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қоңырау кезінде оқушыларға «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында бейнеролик
«Өмір, сен маған қымбатсың!»
25
апрель
2022
«Өмір, сен маған қымбатсың!»
Оқушылар бойындағы қобалжу мен жайсыз өзгерістердің алдын алу мақсатында «ЮНИСЕФ» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Түймекент орта мектебінің психологтары А. Сейсебаева мен А. Айтбаева 26 сәуір күні 8 сынып оқушыларымен «Өмір, сен маған қымбатсың!» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылар өмір құндылықтары мен өмірдің мәні туралы өз ойларын ортаға салды.
"Бірлік, Достық, Ынтымақ "
25
апрель
2022
"Бірлік, Достық, Ынтымақ "
Түймекент орта мектебінде 1-4 сыныптарда "Бірлік, Достық, Ынтымақ ", 5-7 сыныптарда "Қазақ елі-татулық мекені", 8-11 сыныптарда "Татулық-достықтың киелі бесігі" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру»
25
апрель
2022
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру»
Түймекент орта мектебінде «Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбындағы экологиялық білім беру апталығының жоспарына сәйкес, бастауыш сыныптарында «Біздің үйдің жануарлары» сурет байқауы, 7-8 сыныптар арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» тақырыбында викторина ұйымдастырылды. Оқушылар өздері түсірген «Менің сүйікті табиғат бұрышым» тақырыбындағы суреттерін жариялады.
"Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және мерекелік демалыс күндеріндегі өмір қауіпсіздігі "
25
апрель
2022
"Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және мерекелік
Түймекент орта мектебінде "Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және мерекелік демалыс күндеріндегі өмір қауіпсіздігі " тақырыбында zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өткізілді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы
25
апрель
2022
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы
Түймекент орта мектебінің кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Сыйлыққа кітап - В подарок - книга" тақырыбында кітапханаға "Шаңырақ" жобасының аясында "Буккроссинг - бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі " тақырыбында қайырымдылық акциясына 8"Ə" сынып оқушылары жəне сынып жетекшісі Керімқұлова Ұ. кітапханаға кітап сыйлады.Тарих пəнінің мұғалімі Уразбаева А. өз үлесін қосып кітапханаға Қазақстан тарихы энциклопедиясын сыйға тартты.
«Болашақ энергетикасы», «Жер ана тынысы»
25
апрель
2022
«Болашақ энергетикасы», «Жер ана тынысы»
30.04.2021 күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінде экологиялық апталықтың жоспары бойынша биология пәнінің мұғалімі Қ.Смағұлованың жетекшілігімен 10 сынып оқушылары «Болашақ энергетикасы», «Жер ана тынысы» тақырыптарында рефераттар жасап, қорғады. Сонымен бірге оқушылар мектеп маңайын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қоршаған ортаның тазалығы мен гүлденуіне өз үлестерін қосты. Апталық қорытындысы шығарылды.
«Жағымды көңіл-күй!» тақырыбында тренинг
25
апрель
2022
«Жағымды көңіл-күй!» тақырыбында тренинг
Түймекент орта мектебінің психологтары А. Сейсебаева мен А. Айтбаева мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ге және мемлекеттік емтиханға психологиялық дайындау барысында «Жағымды көңіл-күй!» тақырыбында тренинг жүргізіп, оқушыларға психологиялық кеңестер берді.
Интерактивті әдіс-тәсілдерді енгізу
25
апрель
2022
Интерактивті әдіс-тәсілдерді енгізу
Түймекент орта мектебінде Оқу мен оқытуды жақсартуда жаңа форматты интерактивті әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы мектеп оқушыларына табысты өмір сүруге мүмкіндік беретін сапалы білім алу ортасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Байгонысова, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С.Баймурзаева, бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары К.Кожаков,
[aviable=main]

Біздің ұжым