Марат Қоңырұлы Бөгенбаев

Тарих пәнінің жоғары санаттағы мұғалім Марат Қоңырұлы Бөгенбаев 1948 жылы 20 мамырда Буденовка (қазіргі Түймекент) ауылында дүниеге келген. Аталмыш мектепте 1966 жылы орта мектепті бітірген.
1967 жылы өзі бітірген мектепте аға вожатый қоғамдық жұмысын атқарған.
1967-1971 жылдары Абай атындағы қазақ педагогикалык институтын тәмамдап, 1971-1977 жылдары Буденовка орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет жолын бастаған.
1977-1979 жылдары Ақжар кешкі жастар мектебінің директоры қызметін атқарса, 1979-1981 жылдары Ақжар орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі қызметін атқарып, 1981-1985 жылдары Чапаев орта мектебінің директоры қызметінде болған.
1985-1995 жылдары Буденовка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі қызметін қайта жалғастырды.
1995-1998 жылдары Ленин орта мектебінің директоры қызметінде болып, 1998 жылдан бастап қазіргі Түймекент орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет істеді.
Осы аталған еңбектері үшін облыстың білім бөлімінің 1984 жылы, 2007 жылы «Қүрмет» грамотасымен, 2008жылы»Алғыс хатпен» марапатталған. Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен 1996 жылы, 2000 жылы және 2009 жылы марапатталған.