ӘЗІМХАН БҮРКІТБАЙҰЛЫ (1964 ж.т.)
Биназаров Әзімхан Бүркітбайұлы 1964 жылы 11-тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Түймекент (Ақжар) орта мектебіне барып, 1981 жылы бітіріп шықты.
1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына оқуға түсіп, 1986 жылы құрылыс-инженері мамандығы бойынша білім алды. 1986 жылдың тамыз айынан бастап «Чу-совхоз Водстрой» ПМК-12 құрылыс инженері болып қызмет етті.
1988 жылдың мамыр айынан бастап 1990 жылдың желтоқсан айы аралығында Ресейдің Киров облысында Кеңес Армиясы сапында әскери борышын өтеп, аға лейтенант шенімен туған елге оралды.
1991-1992 жылдары аралығында Жамбыл облыстық атқарушы органның күрделі құрылыс бөлімінде техникалық- бақылаушы қызметін атқарды. 1992 жылдың сәуір айынан 1993 жылдың мамыр айына дейін Түймекент (Ақжар) орта мектебінде «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1993 жылдың мамыр айынан бастап «Трудовой пахарь» ұжымшарында құрылыс-инженері, 1995 жылдың мамыр айынан бастап 2003 жылдың сәуір айына дейін «Трудовой пахарь» ұжымшарының ревизиялық комиссияның төрағасы қызметтерін атқарды.
2003 жылдың сәуір айынан бастап аты Одаққа мәлім «Трудовой пахарь» ұжымшарының қара шаңырағы ретінде құрылған «Түймекент-2030» ЖШС-ның директоры қызметіне сайланып, бүгінгі күнге дейін осы шаруашылықты жүргізуде. Аудан, ауылдардағы ауыл шарушылық қызметкерлері, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында беделді, сыйлы. Негізгі қызметінен басқа қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ауданда және ауылдық округте өтетін барлық іс-шараларға, мектеп, балабақшаға, мешіттерге қайырымдылық акцияларына қатысып, демеушілік көрсетеді. Өзі басқарған ұжымы жылдан- жылға табыстарға жетуде. Аудандағы ең үздік шаруа қожалықтарының бірі ретінде облыс, аудан әкімдерінің «Құрмет» Грамоталары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, ресггубликалық Кәсіподақ комитетінің медалімен және көптеген бағалы сыйлықтармен марапатталған.
Жанұялық жағдайы: отбасылы. Әйелі Түймекент орта мектебінде мұғалім, 4 ұлы бар. Түймекент ауылында тұрады.