Толқынбаев Тұрсынхан » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Толқынбаев Тұрсынхан
19
январь
2022

Толқынбаев Тұрсынхан

Толқынбаев Тұрсынхан 1946 жылы 26 наурызда Аманкелді атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Буденовка (Түймекент) ауылындағы Ақжар орта мектебінде оқыған. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 

Журналистік қызметін жоғары оқу орнын бітірген соң аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде бастаған. Тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген. 

1986 жылы облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газеті редакциясына қызметке шақырылды. Алғаш тілші, аға тілші болып жұмыс істеп, 1990 жылы партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі-редакциялық алқа мүшесі болып бекітілді. Кейін газеттің жетекші экономикалық бөлімдерін басқарып, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдың тамызынан зейнет жасына жеткен соң бас редактордың кеңесшісі болып, журналистік қызметін жалғастырып келеді. 

Шығармашылық белсенділігі мен көп жылғы жақсы жұмысы, озық тәжірибені насихаттап, экономиканың аграрлық секторындағы реформалардың барысын кәсіби шеберлікпен көрсете білгені үшін Тұрсынхан Толқынбаев Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасы және Дипломымен, екі дүркін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы және облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталынған. Ол облыс әкімі тағайындаған «Ауыл жылы» сыйлығының тұңғыш иегері, облыс әкімдігі жариялаған аграрлық азық-түлік бағдарламасын насихаттаудағы журналистер арасындағы 2003-2004 жылдары өткізілген конкурстың бірінші орын жүлдегері. 

Похожие публикации:

19 январь 2022 Ағаділ Сухамбаев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
[aviable=main]

Біздің ұжым