Жас инспектор » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жас жол инспекторы”
29
апрель
2022
“Жас жол инспекторы”
Жол полициясы қызметкері, халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу мақсатында, Ғ.Байтасов тірек мектебінде ұйымдастырылған “Жас жол инспекторы” аудандық слеты байқауына қатысып, Түймекент орта мектебі жүлделі 2 орынға ие болды.
«Көшеде сақ бол!» тақырыбында  топтық жұмыс атқарылды.
21
январь
2022
«Көшеде сақ бол!» тақырыбында топтық жұмыс атқарылды.
«Көшеде сақ бол!» тақырыбында мектеп тәлімгері және жас жол инспекторлары ұйымдастыруымен топтық жұмыс атқарылды. Мақсаты, оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажыраты білуге үйрету, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
«Жаяу жүргінші»
21
январь
2022
«Жаяу жүргінші»
«Жаяу жүргінші» тақырыбындағы өткізілген сауалнамада оқушылар жолда жүру ережелерін білетіндігі туралы және тағы көптеген сұрақтарға жауап берілді. Мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
«Жолдан өткенде абай бол!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
21
январь
2022
«Жолдан өткенде абай бол!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Жолдан өткенде абай бол!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында мектеп тәлімгері, инспекторы және жас жол инспекторларының топ мүшелері ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және
«Жаяу жүргінші, назар аудар» тақырыбында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді
21
январь
2022
«Жаяу жүргінші, назар аудар» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
«Жаяу жүргінші, назар аудар» тақырыбында 4 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатынын қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы  сабақты мұқият тыңдап, Жол белгілерін жаттап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға
«Жол ережелерін сақтайық»  тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды
21
январь
2022
«Жол ережелерін сақтайық» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырылды
«Жол ережелерін сақтайық»  тақырыбында 3 сынып оқушылары арасында топтық жұмыс ұйымдастырылды. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатынын қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы  сабақты мұқият тыңдап, Жол
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
21
январь
2022
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
Қазан айында 1-4 сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» және «Жол ережесінің қауіпсіздігі» тақырыбында бастауыш сынып жетекшілері, «Жас жол инспекторларымен» ұйымдастырылған түсіндірме жұмыстары өткізілді.
«Балалар – назар аударыңыздар!» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен сурет салу акциясы өткізілді.
21
январь
2022
«Балалар – назар аударыңыздар!» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен
«Балалар – назар аударыңыздар!» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен сурет салу акциясы өткізілді. Суретті жақсы салған оқушылар марапатталды. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету болды. Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды   талап етеді. Жол тәртібін  бұзба ол  қатер   тудырады.
«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында мектепішілік  акция
21
январь
2022
«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында мектепішілік акция
«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында Жас жол инспекторларының ұйымдастыруымен бесінші сынып  оқушыларына    мектепішілік  акция  өткізілді.   Бұл  акцияның  мақсаты:   Жолда  жүру  ережесін   қатаң  сақтауға, оқушыларға  жол   белгілерін  неше  түрі бар, оны білу үшін не үшін қажет,  бағдаршамның   жол  белгілерін атқаратын  қызметі қандай  екенін үйрету.  Жол   ережесін  есте  сақтау   қабілетін, қызығушылықтарын   арттыру,  барлығымызға  ортақ   қойылған  тәртіпті  бұзбауға   тәрбиелеу.
[aviable=main]

Біздің ұжым