Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі » сш. Туймекент
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Түймекент орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7((72637) 29-6-41
Есепші бөлімі:
+7((72637) 29-6-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі
Түймекент ауылындағы спорт мектебінде жаттықтырушылармен кездесу өтті.
12
февраль
2025
Түймекент ауылындағы спорт мектебінде жаттықтырушылармен кездесу өтті.
https://www.facebook.com/share/p/18niAcGSWL/ 2025 жылдың 10 ақпан күні   Түймекент ауылындағы спорт мектебінде жаттықтырушылармен кездесу өтті.  Жиынның негізгі мақсаты – спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жаттықтырушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.  Кездесуге Түймекент орта мектебінің педагог-психологы Сейсебаева Аяулым Бахытовна қатысып, балалармен қарым-қатынаста зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың психологиялық
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионаты
23
февраль
2023
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионаты
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында мектебіміздің оқушылары биіктен көрінді. Чемпионат қорытындысы бойынша 35 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын Ермекұлы Жансері, 37 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын Сүгірәлі Ерқанат, 43 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын Омар Ыбырахым иеленді. Құттықтаймыз!
«Салауатты отбасы» тақырыбында отбасылық сайысы
23
февраль
2023
«Салауатты отбасы» тақырыбында отбасылық сайысы
Түймекент орта мектебінде 2023 жылдың 22 ақпанында бастауыш сынып әдістемелік айлығының жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдері А. Шайзадаев, М. Халитов, С. Қожақовтың ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, ата – ана мен бала арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, олардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 1 – 2 сыныптар арасында «Салауатты отбасы» тақырыбында отбасылық сайысы өтті. Сайыс жеті кезеңнен құрылып, сайыскерлер тапсырмаларды шеберлікпен орындады.
"Нашақорлыққа -жол жоқ!" тақырыбында іс-шара өткізілді.
23
сентябрь
2022
"Нашақорлыққа -жол жоқ!" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Түймекент орта мектебінің оқушылары арасында "Зорлық-зомбылықтың алдын алу"сондай-ақ, " Интернет пен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу" бойынша Байзақ аудандық жастар ресурстық орталығының заңгері Ж. Мұратова мен Түймекент ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі аға- инспекторы С. Жиеналиеваның қатысуымен "Нашақорлыққа -жол жоқ!" тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның соңында арнайы жаднамалар таратылды.
Қыздар жиналысы
13
сентябрь
2022
Қыздар жиналысы
Түймекент орта мектебінің "Қыз Жібек"қыздар клубының ұйымдастыруымен "Ерте жүктіліктің алдын алу", тазалық гигиенасы туралы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Түймекент ауылдық амбулаториясының акушер маманы С. Аманбаева мектеп медбикесі С. Ботанбаева қатысты. Тақырыпқа байланысты акушер С. Аманбаева жасөспірімдер жетіліп келе жатқан қыздарға репродуктивті денсаулық туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиналыс барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Таңғы жаттығу
08
сентябрь
2022
Таңғы жаттығу
Түймекент орта мектебінде оқушыларды қарсы алып және оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында таңғы жаттығулар өтізілді. Іс-шара барысында оқушылардың бүгінгі күнге деген белсенділігі артып, көтеріңкі көңіл күймен оқу сабақтарын жалғастырды.Бұл іс-шара мектебімізде дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.
Денсаулық күні
07
сентябрь
2022
Денсаулық күні
Балалар жылы аясында Түймекент орта мектебінде 7-қыркүйек дүниежүзілік денсаулық күніне орай балаларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар өткізілді.
"Спорт- денсаулық кепілі " тақырыбында волейболдан достық кездесу жарысын өткізді.
09
апрель
2022
"Спорт- денсаулық кепілі " тақырыбында волейболдан достық кездесу
Түймекент орта мектебінде оқушылардың көктемгі демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру мақсатында  дене шынықтыру пәні мұғалімі Абылай Шайзадаев қыз балалар арасында "Спорт- денсаулық кепілі " тақырыбында волейболдан достық кездесу жарысын өткізді.. Оқушылар кездесу ойынына өте белсенді түрде атсалысты.. Демалыс кезінде ұйымдастырылған бұл іс-шара үшін ағайларына ризашылықтарын білдірді.
Көңілді спорттық жаттығулар өткізілді.
07
апрель
2022
Көңілді спорттық жаттығулар өткізілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 6 cәуірді Халықаралық спорт күні деп жариялады. Осы айтулы күнге орай бүгін Түймекент орта мектебінде І ауысымның оқушылары мен мұғалімдері арасында дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен көңілді спорттық жаттығулар өткізілді.
" 7- сәуір Дүниежүзілік  денсаулық күні" мерекесі
07
апрель
2022
" 7- сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні" мерекесі
Түймекент орта мектебінде  2022 жылдың 7 сәуір күні " 7- сәуір Дүниежүзілік  денсаулық күні" мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді. Іс- шараға барлық оқушылар белсенді қатысты. Іс-шара ең алдымен Қазақстан Республикасының Гимнімен басталып, таңғы жаттығулар жасалып, әр түрлі спорттық ойындармен  жалғасын тапты.
[aviable=main]

Біздің ұжым