27
декабрь
2021
Әкелер жиналысы
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=600315184596992&id=100038555469808
Түймекент орта мектебінде әкелердің бос уақытына ыңғайлап кешкі сағат 19:00-де әкенің отбасындағы ролін көтеру және бала тәрбиесіне әке жауапкершілігін арттыру мақсатында " Әкелер бізде қонақта" тақырыбы аясында әкелер жиналысы өткізілді. Іс- шараға келген әкелер қауымын мектеп әкімшілігі әкелерге арналған " Жақсы тілектер" әдісімен қарсы алды. Жиналыс барысында мектептегі оқу- тәрбие бағытындағы жұмыстар бойынша мәліметтер беріліп, арнайы роликтер арқылы әкелердің отбасындағы ролі мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы құнды тақырыптар ашылып, нұсқаулар мен кеңестер айтылды. Сондай- ақ, "сертпелі доп" психологиялық тренингі арқылы әкелердің өз балалары туралы қаншалықты білетіндіктері анықталып, психологиялық кеңестер ұсынылды. Жиналыс соңынан әкелер қауымы мектептегі спорт залда балаларымен бірге спорттық ойындарға қатысты.